Бағасын кім бекітеді: елімізде 18 бағытта жол ақылы болады

Бағасын кім бекітеді: елімізде 18 бағытта жол ақылы болады

Бағасын кім бекітеді: елімізде 18 бағытта жол ақылы болады
ашық дереккөзі
380
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арман Жүсіпов биыл елімізде 18 бағыттағы жол ақылы қызметке көшетінін айтты. «2021 жылы Ақтау-Бейнеу, Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт, Қапшағай-Талдықорған, Нұр-Сұлтан-Павлодар, Павлодар-РФ шекарасы (Омбыға), Павлодар-Семей-Қалбатау, Тараз-Қайнар, Шымкент-Өзбекстан шекарасы (Ташкентке), Ақтөбе- РФ шекарасы (Орынборға), Ақтөбе-Орал, Қарабұтақ-Қызылорда, Қостанай-РФ шекарасы (Троицк қаласына), Нұр-Сұлтан-Қостанай, Орал- РФ шекарасы (Самараға), Орал-РФ шекарасы (Саратовқа), Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Тараз, Щучинск-Петропавл учаскелері ақылы болады», – деп атап өтті ол. Ұлттық компания өкілі ақылы жолдардың бағасы әр шақырымға 1 теңге көлемінде қалатынын айтады. «Ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы өлшемін уәкілетті мемлекеттік орган –Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, басқа мемлекеттік органдармен келісе отырып, бекітеді», – дейді Арман Жүнісов.

Серіктес жаңалықтары