«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады
ашық дереккөзі
517
«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленовтың мәліметінше, стипендиялар үш кезеңде – маусым, тамыз және қараша айларында тағайындалады. 2021 жылға арналған тізбеде академиялық оқытуға арналған 80 мамандық пен тағылымдамадан өтуге арналған 137 мамандық қарастырылған. Оның ішінде: инклюзивті білім беру, вирусология, урбанистика, жаңа материалдар технологиясы сияқты тың бағыттар бар. Мамандықтар жеті бағыт бойынша бөлінген: инновациялар және жаңа технологиялар, индустриялық инженерия, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, білім беру, медицина және креативті индустрия. Вице-министр биыл «Болашақ» бағдарламасына 1055 стипендия бөлінгенін, оның 500-і ғалымдардың тағылымдамаларына арналғанын атап өтті. «Шетелдік жоғары оқу орындарының, оқуға ұсынылатын шетелдік ұйымдардың тізімі сапалық және сандық жағынан өзгерді. Биыл тізімге үш халықаралық академиялық рейтингке кіретін 27 елдің 207 жоғары оқу орны кірді», – деді Мирас Дәуленов. Министрлік өкілі биыл алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу процестері толығымен автоматтандырылғанын еске салды. Іріктеу кезеңдерінің саны алтыдан үшке дейін қысқартылып отыр. Іріктеу турлары кешенді тестілеу, тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесу, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында құжаттарды қарау сияқты кезеңдерден тұрады.

Серіктес жаңалықтары