Шамалған тұрғындарының шағымы бар...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар...
ашық дереккөзі
316
Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­дағы 1976 жылы салынған 4 қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Жауын-шашын күндері төбесінен су сорғалап, үйдің электр жүйесі істен шығады. Осыған бай­ланысты тұрғындар Шамалған ауылының әкімі Ержас Тоқтасыновқа шағымданған. Алайда «еш нә­тиже шықпады» дейді шағымданушылар. Тұрғындарың айтуынша, қа­зір­гі таңда құлағалы тұрған 4 қа­­­­­­батты жатақханада 60-тан ас­там отбасы тұрады. Олардың ара­­сында зейнет­керлер, мүге­дек­тер, жалғызбасты аналар, жетім ба­лалар және көп­балалы отба­сылар бар. «Біздің жатақхана күз бен көк­тем айларында, қыс бітіп қар ері­ген жаңбырлы маусымда жан-жақ­тан су ағып, мазамызды ала­ды. Әсіресе, 4-қабат тұрғындарын сарсаңға салып, алаңдатып отыр. Өйт­кені үйдің төбесі шұрық те­сік, шатыры жоқ, ешқандай күр­делі жөндеуден өтпеген. Он жыл­дан бері әкімшіліктің табал­ды­ры­ғын тоздырып, өтініш айтумен ке­леміз. Қаншама шағымданға­ны­­­мызға қарамастан «баяғы жар­тас – сол жартас», нәтиже жоқ», – дейді тұрғындар. Алайда олар әлі де жергілікті әкім­шіліктен үміт күтіп отыр­ға­нын айтады. «Тұрғындар бала-шағасын құ­лағалы тұрған үйге қалдырып, күні-түні күнкөрістің қамымен жү­реді. Ешқандай қауіпсіздік ша­расы қамсыздандырылмаған. Биыл­дың өзінде елімізде осындай жағ­дайда қаншама бала ажал құ­шып, елдің қабырғасын қайыс­тыр­ды. Бұл еліміз үшін үлкен тра­гедия ғой. Біздің де балалары­мыз­дың өміріне қауіп сондай тө­ніп тұр», – дейді олар. Ол аздай, тұрғындар көп­қа­батты үйлерде тұтынуға тиым са­лынған газ баллонын қолда­на­ды екен. Өйткені бұл үйге әлі газ құ­быры тартылмаған. Бұл да тұр­­­­ғындар үшін қауіп төндіріп отыр. Ал бұған жерігілікті әкім­ші­лік былай жауап қайтарды. Ержас ТОҚТАСЫНОВ, Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының әкімі: Әлбетте, біз бұл жағдайдан хабардармыз
– Қазіргі таңда округіміздегі «тех­никум» аталып кеткен көп­қа­батты үйлер аумағының жағдайы баршамызды алаңдатып отыр. Еске салсақ, бұл бұрынғы Үш­қоңыр су шаруашылығы кол­лед­жі­нің жекешеленіп кеткен ж­а­тақханасы. Қазір мұнда 60 пә­тер иесі тұрады. Тұрғын үйдің қазіргі көрінісі өте нашар. Шатырынан су ағып, қабырғалары үгітіліп құ­лап жатыр. Мекендеушілер пә­терін өз еріктерімен жылытады. Жалпы айтқанда, үй апатты жағ­дайда! Ауыл әкімі ретінде, әлбетте, біз бұл жағдайдан хабардармыз. Де­генмен, ғимарат жекешеленіп кеткендіктен ешқандай көмек көр­сете алмаймыз. Қазіргі таңда бұл үйдің тұрғындары тек кон­да­минимум арқылы баспаналарын қалыпқа келтіре алады. Тек мем­лекет тарапынан бөлінген ақ­ша­ны қайтаруға міндетті. Бұған көп­шілік келіспей отыр. Өткен айда осы үйді ме­кен­деу­шілермен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін ат­қарушы Е.Нәбиев келіп жүз­де­сіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал, біздің тарапымыздан аудан әкі­міне жағдай толыққанды баян­далған хат жолданды.

Бақытбек ҚАДЫР

Серіктес жаңалықтары