239
Келесі аптадан бастап Түркияға ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады
Келесі аптадан бастап Түркияға ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады

26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады, – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
«Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды», – деп жазылған министрлік ұсынған мәліметте.
Ведомстовның ресми мәліметінше, қысқартылған рейстердің кестесі мынадай:
20 сәуірдегі жағдай бойынша екі ел арасында 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады:
- Нұр-Сұлтан – Ыстанбұл, 2 рейс;
- Нұр-Сұлтан – Анталя, 1 рейс;
- Алматы – Ыстанбұл, 7 рейс;
- Алматы – Анталя, 5 рейс;
- Түркістан – Ыстанбұл, 2 рейс;
- Ақтау – Ыстанбұл, 1 рейс;
- Шымкент – Ыстанбұл, 2 рейс.