Әсел Қалиева: «Мыстан» сериалына түскеннен кейін ешкіммен сөйлескім келмей қалды
Өткен жексенбі 11 сәуір күні «Мыстан» веб-сериалының соңғы кадрлары түсірілді. Бұл Salem social media мен ARTDealers компаниясының бірінші ортақ жұмысы. Түсірілім жұмыстарының басқа жұмыстарға қарағанда аз уақытта өткенін баса айту керек. 18 түсірілім күнінде команда әйелдердің кек алу жолы туралы 12 сериядан тұратын шытырман оқиғаны таспалап шықты.
Сериал бір-біріне ұқсамайтын тағдыры бар, бірақ үлкен реніш пен әділдікке жету жолындағы мақсаты бір үш әйелдің оқиғасын негізге алды. Әр оқиға трагедияға толы және ер адамдармен қарым-қатынастағы құрбандық рөлінің жойқын шығынын ашық көрсетеді.
«Мыстан» сериалында басті рөлдерді сомдау
Әсел Қалиева, Ақбота Нұр-Сейтмағамбеттерге аса ауыр тиді.

«
Бұл жоба бұрынғы тәжірибеме мүлдем кереғар. Менің кейіпкерім Перизаттың тағдыры аса ауыр. Біз екеуміз бір-бірімізге ұқсамаймыз. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны, ылғи жұдырықтың астында өмір сүреді. Мен рөлге ену үшін әр детальға назар аудардым: жүйкесі сыр берген, бүкірейіп жүретін бейнеге ендім. Психологиялық және эмоционалдық жағынан қиын болды. Түсірілімнен кейін ешкіммен сөйлескім келмей қалды. Кадрда көп қуатым кетті» - дейді
Әсел Қалиева.
Үшінші қаһарманды дебютант
Жасмин Салихова ойнайды, ол өз кейіпкері үшін сыртқы келбетін өзгертуге дейін тәуекел етті. «
Сыртқы имиджді күрделі өзгеріске ұшыратуға тура келді. Менің шашым ұзын әрі бұйра. Бірақ тым қысқа қып қиып тастау керек деген шешім қабылданды. Сосын оны қызғылт түске бояп, соңында қайтадан қоңырқай реңкке келтірді» - деді
Жасмин.

Актерлік құрамның басым бөлігі әйелдер болғанына қарамастан сериал режиссері
Ернар Нұрғалиев экшн сахналарды молынан қолданды. «
Мен үшін сериалда ашылып отырған тақырып өте маңызды. Әлеуметтік желі мен БАҚ беттеріне қараңызшы. Қаншама оқиға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты, ал қаншасын біз білмейміз? Басты кейіпкерлер арқылы кім кінәлі, бұл жағдайлар неге болып жатыр, жаны қысылған әйел қалай әрекет етеді деген сұрақтарға жауап береміз», - дейді режиссер
Ернар Нұрғалиев.
«Біз үшін сериалдың әр көрермені болашақ ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарында көбірек ойланғанын, қатыгездік пен абъюз дегеннің не екенін білмейтін буын тәрбиелегенін маңызды», - деп түйіндеді Salem social media-ның бас продюсері
Қуат Садықов. Төбелес көріністерін полиция қызметкері рөлін сомдаған
Жандос Айбасов қойды, Түсірілімге
Nomad Stunts халықаралық кәсіби каскадерлер тобы қатысты.

Сонымен сериал үш қарапайым әйелдің мүлде қарапайым емес тағдырын көрсетеді. Томирис, Перизат және Сымбат біздің уақыттың кейіпкерлері. Әрқайсысы бақытты да жарқын өмір сүргісі келеді. Бірақ олардың өміріне ерлер тарапынан болатын жауыз қатынас жиі араласады. Сондықтан салқынқандылықпен кек алу жолына түсу олардың әділдік жолындағы жалғыз амалы.
«Мыстан» веб-сериалының тұсаукесері
2021 жылдың
маусым айына жоспарланған.