Жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

/
Жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
Жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды Елордадағы жол бойында болған төбелес үшін жүргізушілер жазаланды, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті. Мониторинг барысында Бөгенбай батыр даңғылы бойында «Газель» және «Мерседес» маркалы автокөліктерінің жүргізушілері арасында болған төбелес фактісі анықталды. Жүргізушілердің бір-біріне жол бермей, ерсі әрекеттер көрсетуі жанжалдың туындауына себеп болған. Төбелескендердің барлығы анықталып, полицияға жеткізілді. Бұл факт бойынша «Бұзақылық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жүргізушілерді қоғамдық тәртіпті бұзбауға, апатты жағдай туғызбауға және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірмеуге шақырады.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары