Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ерке Есмахан: Ораза ұстамауымның жақсы бір себебі бар

Ерке Есмахан: Ораза ұстамауымның жақсы бір себебі бар
Әнші Ерке Есмахан өз тыңдармандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, ораза тұтқан жамағатқа тілегін айтты. Әншінің өзі биыл ораза ұстамаған екен. Айтуынша, оның жақсы себебі бар.
«Ауыз ашып, рахаттанып отырсыздар ма? Ас болсын! Ниеттеріңіз қабыл болсын! Ал мен биыл ораза ұстамадым. Оның бір жақсы себебі бар.
Бірақ ауызашар жасап, сауап жинаймын, бұйырса! Құлшылық айы қабыл болсын! Әр отбасында береке, татулық, молшылық болсын. Алла әрбір жанға мықты денсаулық, жақсы табыс берсін. Осы ораза оң өзгерістердің бастауы болсын» деп жазды Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында.