Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды,-деп хабарлайды "Қазгидромет" ресми сайты. 14-16 сәуірде Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. 15 сәуір күні Таразда найзағай ойнайды. 14 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. 14 сәуір күні таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Кей жерлерде шығыстан соққан жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Сондай-ақ Шымкентте 14 сәуір күні кешке найзағай күтіледі. Дәл осындай ауа райы Түркістанда да болуы мүмкін. 14 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. 14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, қатты жел соғады. Петропавлда ауа райының нашарлайды. 14-15 сәуірде Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Алматы аспаны ертең ала бұлтты болады . Ауа температурасы 20-22 градусқа дейін көтеріледі. Ал түнде сынап бағанасы 6-8 градусты көрсетеді. Нұр-Сұлтанда да көшпелі бұлт күтіледі. Күндіз 13-15 градус жылы, түнде 1-3 градусқа дейін суытады.