Екі бас, үш қолмен туған сәбидің ата-анасы мемлекеттен көмек сұрады

Екі бас, үш қолмен туған сәбидің ата-анасы мемлекеттен көмек сұрады

Екі бас, үш қолмен туған сәбидің ата-анасы мемлекеттен көмек сұрады
ашық дереккөзі
464
Үндістанның Одиша штатындағы Кани ауылының тұрғыны екі басы, үш қолы бар сәбиді дүниеге әкелді. Бұл туралы Odisha TV телеарнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады. Қыз бала 11 сәуірде Умакант Парида және Амбика есімді ерлі-зайыптының отбасында дүниеге келді. Бала мен ананың денсаулығына қауіп төнбес үшін жекеменшік аурухананың дәрігерлері анасына кесарь тілігін жасаған. Отадан кейін әйел мен сәбиі аудандық ауруханаға ауыстырылған. "Жаңа туған нәресте екі ауызбен тамақтанып, екі мұрнымен тыныс алады. Бұл – үш қолымен және екі аяғымен бір денеге біріккен екі қыз бала", - дейді аудандық аурухананың педиатры Дебашис Саху.  width= Қазір сәбидің жағдайы бірқалыпты. Ол арнайы ем қабылдау үшін Каттак қаласындағы  Сардар Валлабхаи Пател атындағы педиатрия институтына ауыстырылды. Қыздың әкесі перзентін емдеу үшін мемлекеттен көмек сұрады.  

Серіктес жаңалықтары