Вице-министр вакцина салдырған соң қайтыс болған перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді

/
Вице-министр вакцина салдырған соң қайтыс болған перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Вице-министр вакцина салдырған соң қайтыс болған перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Алматыда вакцина салдырған соң қайтыс болған №4 перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді. «Егер вакцинаның жанама әсері туралы айтсақ, яғни, аллергиялық әсер болса, жарты сағаттан соң білінер еді. Алайда ол кісі екі күннен соң қайтыс болды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша жүректің ишимиялық ауруынан қайтыс болған деген мәлімет бар. Жалпы елімізде осы күнге дейін  коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар арасында ешкім көз жұмған жоқ», – деді ол брифингте.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары