Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Рахмет Разбекұлы Есдәулетов Алматы облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Рахмет Есдәулетов 1959 жылы туған. Шымкент педагогикалық мәдениет институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1981 жылы мәдениет саласынан бастаған. Әр жылдары автоклуб жетекшісі, инспектор, аудандық және қалалық Мәдениет бөлімінің басшысы, облыстық Мәдениет басқармасының бөлім меңгерушісі болып еңбек еткен. 2010 жылы Алматы облысының Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2013 жылы Алматы облыстық Мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы, ал 2016-2021 жылдар аралығында Алматы облыстық Дін істері басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.