Арзан автонесие бойынша 6 мың отандық көлік саудаланады
Арзан автонесие бойынша 6 мың отандық көлік саудаланады
Сәуір айының орта шенінен елімізде 4 пайызбен автонесие беріле бастайды. Осы мақсатқа мемлекеттік қазынадан 15 млрд. теңге қарастырылған болатын.
Бұл бастама отандық көлік өндірісінің өрісін кеңейтуге бағытталып отырғандығын тилге тиек етеді отандық кәсіпорын басшылары. Бір ғана мысал, Қостанайда 2011 жылы 900 көлік шығарыла, былтыр 8 мың 500 автокөлік құрастырылған. «Сарыарқа автопром» серіктестігі тек жеңілдетілген несие есебінен 4,5 мың темір тұлпарды сатуды жоспарлап отыр. Бұл жолы сақтандыру мен қосымша төлемдерді қосқанның өзінде тұтынушы көлікті 7,5 пайызбен алуға мүмкіндігі бар. Бұл – нарықтағы ең төменгі баға болып отыр. Сонымен қатар, аталмаш бағдарлама аясында 6 мың отандық көлік саудаланады деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда автокөлік құрастырудың қазақстандық үлесі 30-40 пайыз шамасында. Мемлекет қолдауының арқасында алдағы 2-3 жылда аталған көрсеткішті 50 пайызға жеткізу көзделген. Сондай-ақ отандық көліктерді Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шығару жоспары бар. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында жаңа көліктердің бағасы түссе де, банктер темір тұлпарды несиелендіру ставкасын 12-ден 16-17, тіпті кейбір қаржы құрылымдары 22 пайызға дейін көтерген болатын. Бұл система автосалондар жұмысының тұралауына және несиеге көлік алушылар санының азаюына алып келген болатын.