Ресейден келетін 2,5 тоннадан астам сүт өнімі тәркіленді

Ресейден келетін 2,5 тоннадан астам сүт өнімі тәркіленді

Ресейден келетін 2,5 тоннадан астам сүт өнімі тәркіленді
ашық дереккөзі
927

Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің хабарлауы бойынша  Ресейде өндірілген ірімшік пен сүт өнімдерінен ішек таяқшалары табылған. Қазақстандық эпидемиологтар сүт өнімдерінің 400-ге жуық сынамасы зерттеліп, нәтижесінде 82 сынама бойынша өнімдерді жеуге жарамсыз деп тапқан.

Тексеріс соңында сүт өнімдерінің сауда нарығындағы 2 тонна 529 литр сүт өнімі тәркіленгендігі анықталып отыр. Бүгінгі күні қауіпті өнімдер сауда нүктелерімен қоса, қоймалардан да алынып тасталды. Ішек таяқшалары сонымен қатар, Қырғызстаннан жеткізілген сүт өнімдерінен де табылғандығы анықталып отыр. Мамандардың айтуы бойынша, Ресейдің «Юнимилка», «Даноны», «Вимбильдан» сондай-ақ, Қырғызстаннан «Бишкек-сүт» компанияларының тағамдарына оның ішінде ірімшік, сүт өнімдерінің саудалануына тиым салынған.

Аталмыш компаниялардың тауарлары негізінен Астана қаласы мен Қызылорда қаласы, Ақмола облысы, Алматы облыстарындағы дүкендерде сатылып келген. Сырттан келетін тауар өнімдерін шектеу мақсатында Қазақстанға Ресейден келетін сүт өнімдеріне ендігі уақытта тиым салынбақ. Таяуда еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, үкіметаралық келісімдердің үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша Ресей Қазақстанға экспорт көлемін қысқарту жөнінде міндеттемелер алу мәселесін қарастырып жатыр деп мәлімдеді. Министрдің сөзінше, рубльдің девальвациясынан кейін ресейлік тауарлар арзандап, қазақстандық  құс, сүт өнімін өндірушілер айтарлықтай қысым көріп отыр. Алайда министр, Ресей міндеттемелерді өз мойнына алған күнде шектеу қандай мерзімге және нақты қашан енгізілетінін нақтыламады. Десе де, сыртан келетін азық-түлік тауарларының сапасына бұдан былай талап пен тәртіп күшейетіні сөзсіз.

Серіктес жаңалықтары