Әлем тұрғындарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екені анықталды

Әлем тұрғындарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екені анықталды

Әлем тұрғындарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екені анықталды
ашық дереккөзі
252
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан Жер бетіндегі тұрғындардың қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости Ұйым өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін ғаламшар тұрғындарына екпе салу жұмыстарын белсенді түрде жалғастыру керек. Өйткені әлем бойынша тек 10 пайыз адамда ғана індетке қарсы иммунитет қалыптасқан. ДДСҰ қызметкерлері зерттеу барысында осындай қорытындыға келді. Сумия Сваминатанның айтуынша, тұрғындарының 50-60 пайызы ауырып, антиденесі қалыптасқан қалалар да қауіп аймағында. Айта кетейік, бұдан бұрын әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе асып түскенін хабарлағанбыз. Вакцинацияланғандардың үлесі бойынша бірінші орында – Израиль (азаматтардың 88,5% - ы егілді), екінші орында – Сейшел аралдары (72,9%), үшінші орында – БАӘ (60,7%).

Серіктес жаңалықтары