Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.
Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам (әлем халқының шамамен 2,9%) вакцинациядан өтті, ал 113,1 миллион адамға коронавирустық инфекция диагнозы қойылды.
Вакцинацияланғандардың 75%-ы сегіз елдің тұрғындары: АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Үндістан, Түркия, Израиль, Бразилия, БАӘ.
Алайда иммундау қарқыны төмендеуде. Егер айдың басында әлемде күніне орта есеппен 6 млн екпе жасалса, өткен аптада бұл көрсеткіш 5 млн-ға дейін, осы аптада 4,4 млн-ға дейін төмендеді.
Вакцинацияланғандардың үлесі бойынша бірінші орында – Израиль (азаматтардың 88,5% – ы егілді), екінші орында – Сейшел аралдары (72,9%), үшінші орында – БАӘ (60,7%).
АҚШ-та 68,3 млн адам екпе алса, Қытайда 40,5 млн адам вакцинациядан өтті (індет жұқтырғандар санынан 400 есе көп).
Ресейде жағдай мүлдем басқаша. Ел коронавирустық вакцинаны әлемде бірінші болып тіркегенімен, әзірге тек 4 миллион адам (халықтың 2,7%-дан астамы) вакцина салдырды.