«Канело, vamos!». Қанат Ислам «Канелоны» жекпе-жекке шақырды

Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде эквадорлық Джейсон Минданы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды.

«Мен бұл кездесуге ұзақ дайындалдым. Отбасыма, командама оралдым. Жақсы қарсыласпен жақсы жекпе-жек болды. Бұл жігітке рақмет, ол – қарымы мықты қарсылас. Мен оны құрметтеймін. Мен бәріне дайынмын. Кеше айтқанымдай, Қытайда туып-өстім, Қазақстанда тұрамын, мен – түркімін, мен – мұсылманмын, менде қанша жанкүйер болуы мүмкін. Канело менімен жекпе-жекке шығуы керек! Шаршы алаңға Рамазан айы жақындап келеді. Рамазаннан кейін ораламын», – деді Қанат Ислам кеш соңында.

Марапаттау рәсімінде кеш жүргізушісінің «Келесіде кіммен жұдырықтасқың келеді?» деген сұрағына Қанат «Мен Канелоны қалаймын. Болды. Канело, vamos! Канело, сен мені көріп тұрсың! Шығайық, жұдырықтасайық!» – деп жауап берді.

Сөз соңында 36 жастағы қазақстандық боксшы жеңісін 20 ақпан күні Жаңатаста өрттен қаза болған бес сәбиге арнайтынын жеткізді.

Back to top button