Қанат Ислам техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде жеңіске жетті.

Қанат бастапқыда ганалық Ободай Саймен (35-3-1, 26 КО) кездесу өткізуі керек болатын. Алайда ганалық былғары қолғап шебері белгісіз себептермен жекпе-жекке шығудан бас тартты. Нәтижесінде Қанат эквадорлық Джейсон Миндаға (14-3-1, 8 КО) қарсы жұдырықтасып, жетінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Қанат кәсіби рингте өткізген 28-кездесуінде жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін дәл осы бокс кешінде жұдырықтасқан Қазақстан тумасы Димаш Ниязов та қарсыласын жеңген болатын.

Back to top button