297
Нұр-Сұлтан мен Алматы «қызыл» аймақтан шықты
Нұр-Сұлтан мен Алматы «қызыл» аймақтан шықты
Қазақстанның үш өңірі коронавирус бойынша «қызыл» аймақтан шықты. Олардың арасында Нұр-Сұлтан мен Алматы бар. Бұл туралы COVID-19 таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссия жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
30 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай:
- «қызыл» аймақта – Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «сары» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
- «жасыл» аймақта – қалған барлық өңір.