COVID-19: Қазақстан үшінші күн қатарынан «қызыл» аймақта тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 27 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

27 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдай 26 қаңтардағы көрсеткіштен еш өзгермеді: Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

Ал «сары» аймақта Қарағанды бар.

Жалпы Қазақстан аумағы «қызыл» аймақта орналасқан. Қалған өңірлер, атап айтқанда 7 облыс пен 1 қала – «жасыл» аймақта.

Back to top button