Ұлтының ұмытылмас тұлғасы – Cапар Байжанов

Ұлтының ұмытылмас тұлғасы – Cапар Байжанов

Ұлтының ұмытылмас тұлғасы – Cапар Байжанов
ашық дереккөзі
668
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетіндегі Е.Шәймерденов атындағы аудиторияда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі жазушы-публицист Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлтының ұмытылмас тұлғасы – Cапар Байжановтың шығармашылығы»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді. Конференцияда ғалым еңбектерінің арнайы көрмесі ұйымдастырылады. Іс-шараға Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағы, шетелдік ғалымдар, Республикалық БАҚ басшылары мен танымал журналистер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен профессор-оқытушылар құрамы  қатысады. Сапар Байжанов еліміздің аға басылымы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне ұзақ жылдар басшылық жасап,  мәдени және әлеуметтік дамуымызға  сүбелі үлес қосқан. Бас редактор, қаламы жүйрік журналист, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Сапар Байжанов оқу ордамыздың түлегі болатын. Оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген  «Замандас туралы толғау», «Архив-айғақ», «Абай және архив», «Қажыға барған қазақтар» сынды зерттеулердің авторы Сапар Байжанов Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1952 жылы бітірген соң жастар басылымы - «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің әдеби қызметкері, жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі, редактордың орынбасары болып істеген. 1958–1965 жылдары «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының жауапты хатшысы, редактордың орынбасары, Бас редакторы болған, 1965–1973 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің  аппаратында жауапты қызметтер атқарған. 1973–1983 жылдары  «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бас редакторы болып істеген. 1983–1994 жылдары республика Бас Мұрағат басқармасының бастығы болған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленген. «Халықтар Достығы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Ол жайында «Өмірге өкпесі жоқ адам» атты естеліктер жинағы жарық көрген. Замандастары оған «қазақ журналистикасының қара жорғасы, қарымды қаламгер, білгір ғалым» деп баға берген.  width=

Серіктес жаңалықтары