Ақтөбеде мүгедек қарияларды көсеумен ұрып, бар ақшаларын алып кеткен күдікті ұсталды

Ақтөбеде мүгедек қарияларды көсеумен ұрып, бар ақшаларын алып кеткен күдікті ұсталды

Ақтөбеде мүгедек қарияларды көсеумен ұрып, бар ақшаларын алып кеткен күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
283
Ақтөбе полициясы қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады. Ол үй иелерін ұрып-соғып, қолда бар ақшасын алып кеткен. Полицияға белгісіз біреудің терезе арқылы кіріп, отбасы мүшелерін көсеумен ұрып соққаны туралы ақпарат түсті. Күдікті мүгедек ерлі-зайыптының ақшасын да алып кеткен. «Зардап шеккендердің екеуі де мүгедек. Күдікті қарияларды көсеумен ұрып-соққан. Кейін 20 мың теңгені алып, қашып кеткен. Қылмысты ашу үшін жедел-тергеу тобы құрылып, полицияны барлық жасағы іздеу жұмысына жұмылдырылды. Көп ұамай 45 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Қарақшылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Серіктес жаңалықтары