Иран ядролық бағдарламасын бейбіт мақсатта жүзеге асарады

Иран ядролық бағдарламасын бейбіт мақсатта жүзеге асарады

Иран ядролық бағдарламасын бейбіт мақсатта жүзеге асарады
ашық дереккөзі
396

Алып алтылық пен Иран арасында жүргізілген келіссөздер өз нәтижесін бере бастағандай. Иран Ислам Республикасының ядролық бағдарламасына қатысты шекті келісім жасалды. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Джавад Зариф пен алып алтылықтың үйлестірушісі әрі Еуроодақтың дипломатия басшысы Федерика Могерини мәлімдейді.

Иран өзінің уран қорының бірқатар бөлігін, шетелге шығаруға келісті. Әйткенмен ресми Тегеран Натанз қаласындағы өндіріс орнында уран байыту үшін 5 мың центрифуга шикізатын қалдыруға құқылы. Қазба байлықтарын Фордо жер асты нысанында ғылыми тәжірибе жасау үшін қолдануға рұқсат етілді. «Сол себепті Фордо қаласындағы ядролық нысан ғылыми-зерттеу орталығына айналады. Бұл бастама халықаралық ынтымақтастықты нығайтпақ.

Сондықтан мұнда ешқандай уран байыту ісі жүзеге асырылмайды»,-деп атап өтті баспасөз конференциясында Федерика Могерини. Иранның осындай шараларға келісуіне байланысты 30 маусымға дейін Иран Ислам Республикасынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Еуроодақ және АҚШ салған санкциялар алынып тасталады. Федерика Могерини, Еуроодақтың сыртқы істер және саяси қауіпсіздік кеңесінің жоғарғы өкілі : «Бүгін біз шешуші қадам жасадық. Кешенді әрекеттер жоспарының негізгі жайттары бойынша бір тоқтамға келдік. Саяси батылдық, ізгі ниет пен қыруар еңбек ақыры өз жемісін берді. Енді Еуроодақ ядролық бағдарламаға қатысты экономикалық және қаржылық тыйымдардың күшін жояды. АҚШ та өз тарапынан санкцияларын алып тастауға келісті. Мұның бәрі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Иранның ядролық міндеттемелерін анықтаумен қоса жүзеге асырылады»,- деп түсіндірді мән-жайды.

Серіктес жаңалықтары