761
Ерлан САЙЫРОВ: Халықтың әлеуметтік сұраныстарына басымдық береміз
Ерлан САЙЫРОВ: Халықтың әлеуметтік сұраныстарына басымдық береміз
– Президенттің Парламентке берген тапсырмаларының барлығы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Жақын арада осы мақсатта жол картасы әзірленбек. Жол картасында партия бағдарламасында көрсетілген әр бағыт бойынша жобаларды іске асыруға жауапты депутаттар мен министрліктер анықталып, әрі қарай жұмыс барысы бақылауға алынады.
Мемлекет басшысы қоғамның басты сұраныстарынан туған мәселелерді көтерді. Аталған мәселелердің саяси және заң шығару аспектісін біз, Парламент депутаттары өз мойнымызға аламыз. Ең әуелі халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне басымдық берілмек. Атап айтқанда, Қазақстанда дәрігерлердің мәртебесі туралы заң қажет екенін уақыт көрсетіп отыр. Мәжіліс қабырғасында талқыланатын алғашқы мәселелердің бірі осы болады деп ойлаймын.