Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 26 азаматы қылмыстық жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 26 азаматы қылмыстық жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 26 азаматы қылмыстық жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
275
ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Корея Республикасында Қазақстанның 26 азаматы қылмыстық жауапқа тартылып жатқанын мәлімдеді. «Кореяда сотталған 25 адамды қайтаруға толық мүмкіндік бар. Өкінішке қарай, Қазақстанның тағы 26 азаматы қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Оларға қатысты сот үкімі заңды күшіне енбеді», - деді М. Ахметжанов Мәжілістің жалпы отырысында. Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Бұл құжат аясында Кореяда сотталған 25 қазақстандықты елге қайтаруға мүмкіндік жасалмақ.  

Серіктес жаңалықтары