Қай өңір тұрғындары етті көп жейтіні белгілі болды

Қай өңір тұрғындары етті көп жейтіні белгілі болды

Қай өңір тұрғындары етті көп жейтіні белгілі болды
ашық дереккөзі
285
Өткен жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанның әр тұрғыны орташа есеппен 21,3 кг ет және ет өнімдерін тұтынған.  Еnergyprom.kz дерегінше, бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 1 кг көп, ал 2019 жылдың үшінші тоқсанына қарағанда 1,4 кг көп. Қазақстанның барлық аймағында ет тұтыну көлемі өскен. Қарағанды облысының тұрғындары ет пен ет өнімдерін тұтыну жөнінен республика бойынша көш бастап тұр. Аймақтың әр тұрғыны орта есеппен 26,8 кг ет жеген. Одан кейінгі орындарда Ақмола облысының (25,4 кг) және Алматының (25,2 кг) тұрғындары тұр. Елде ет бағасы да айтарлықтай қымбаттаған. Ет пен ет өнімдерінің барлық түрінің бөлшек саудадағы бағасы бір жыл ішінже бір келі үшін 789 теңгеге дейін өсті. Әсіресе, қой етінің құны едәуір шарықтаған: бірден 16,2%-ға, бір келісі үшін 1990,3 теңгеге дейін. Ал жылқы еті 11,9%-ға, 1 келісі 2271,8 теңге дейін қымбаттаса, сиыр еті 8 пайызға қымбаттап, бір келісінің құны 1947,4 теңге болды.  

Серіктес жаңалықтары