Геологтар күні қарсаңында сала үздіктері марапатталды

Геологтар күні қарсаңында сала үздіктері марапатталды

Геологтар күні қарсаңында сала үздіктері марапатталды
ашық дереккөзі
380

Бүгін Астанада Геологтар күні қарсаңында сала үздіктері марапатталды. Салтанатты шара барысында 182 геологқа алғыс хаттар, мақтауқағаздарымен арнайы марапаттар табыс етілді. Арнайы шара барсында 77 маман Қазақстан Республикасының құрметті кен барлаушысы», «Қазақстан Республикасының кен барлау үздігі» мен «Қазақстан Республикасының кен орындарын алғаш ашушы» номинациялары бойынша марапатталды. Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев геологтардың кәсіби мерекесімен құттықтап өз ізгі тілегін жеткізді. «Елімізде 2015-2019 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы басталды. Күрделі жағдайдың қалыптасқанына қарамастан бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 7 млрд теңге, ал «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан қосымша 6 млрд теңге бөлініп отыр. Мұның барлығы біздің жұмыстарымызды осы жылы жалғастыруға мүмкіндік береді. Геология мен тау-кен секторына инвестицияларды тарту көлемі бойынша Қазақстан Канада, Австралия, Бразилия, Оңтүстік Африка Республикасы сынды елдер көшінен қалып келеді. Сол себепті, бүгінгі күні заңнама өзгертіліп, процедуралар жетілдіріп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», - дейді Ә.Исекешев.

Серіктес жаңалықтары