266
Расул Жұмалы: Елге берері мол азаматтар Мәжілістің жұмысына серпін берері сөзсіз
Расул Жұмалы: Елге берері мол азаматтар Мәжілістің жұмысына серпін берері сөзсіз
Саясаттанушы Расул Жұмалы Парламент сайлауы мен жаңарған Мәжіліс құрамына қатысты пікір білдірді. Ол бұл туралы facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
– Парламент сайлауының нәтижесінде Нұр-Отан 76 мандатпен, Ақ жол 12 мандатпен және Халықтық партия 10 мандатпен Мәжіліске енді. Сырт көзге бұрынғымен салыстырғанда көп нәрсе өзгермеген сияқты. Көпшілік үміт еткен Ауыл мен Адал тиісті тізімге ене алмағаны да өкінішті-ақ. Десе де Мәжілістің құрамы сапалық тұрғыдан жаңарып жасарды деуге негіз жеткілікті. Біріншіден, қатарынан үш-төрт мәртелеп депутат болып зейнеткер жасынан баяғыда асқандар орындарын босатып жатыр. Екіншіден, партиялардың барлығы дерлік жаңа есімдермен толығып халық алдында маңызды міндеттемелерді алып отыр. Халықтық партия өктем коммунистік идеологиядан алшақтағанын да оң үрдіске балауға болар. Үшіншіден, билеуші партияның өзі жаңарудың жақсы үлгілерін көрсетті. Соның ішінде қоғамда сынға алынса да Праймериз өзін толықтай ақтап оның 36 жеңімпазы Парламентке өтіп отыр. Арасында квота бойынша белсенді жастар мен әйел адамдардың үлесі зор. Ал жалпы алғандағы құрамның Айдос Сарым, Берік Әбдиғалиұлы, Ерлан Сайыров сынды танымал, тәжірибесі де елге берері мол азаматтармен күшейтілуі Мәжілістің жұмысына серпін берері сөзсіз – дейді саясаттанушы.