196 колледж маман даярлау құқығынан айырылды – БҒМ

196 колледж маман даярлау құқығынан айырылды – БҒМ

196 колледж маман даярлау құқығынан айырылды – БҒМ
ашық дереккөзі
473
Еліміздегі колледждердің білім беру сапасына қатысты Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жүргізілген мониторинг қорытындысына сәйкес 196 колледжден 500 мамандық пен 738 біліктілік бойынша лицензия қайтарып алынған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. ⠀ Колледждердің берген білімі біліктілік талаптарына сәйкес болмай шықты. ⠀ «Біз осы бағыттағы жұмысты жоғары оқу орындарында да, колледждерде де жүргізіп жатырмыз. Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру бойынша тапсырма берген болатын. Шын мәнінде, елімізде сапалы білім беретін колледждер көп, бірақ бәрі бірдей емес. Осы орайда жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, дегенмен қатаң шаралар да қабылданады. Егер медициналық колледж қаржыгерлерді, бухгалтерлер мен програмистерді, ал агротехникалық колледж – мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерін, құрылыс колледжі – дене шынықтыру мұғалімдерін және т.б. бағыттар бойынша мамандарды даярласа, сапалы білім беру туралы қалай айтуға болады? Тіпті бұл оқу орындарының қажет базасы, тиісті кадрлары мен оқу үрдісіне қажет жабдықтары да жоқ болғанын айта кеткен жөн», – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова. Колледждердің оқытушылары мен студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылатын болады.

Серіктес жаңалықтары