Ақтауда өлген аққу табылды

Ақтауда өлген аққу табылды

Ақтауда өлген аққу табылды
ашық дереккөзі
Сурет Lada.kz сайтынан алынды Аққудың жансыз денесі Ақтау қаласының 1А шағын ауданында, теңіз жағасынан табылған. Бұл туралы lada.kz хабарлады Аққудың мойнында жіп болған. Жағдайға байланысты "ЭкоМангистау" үкіметтік емес мекемесінің (ҰПУ) басшысы Кирилл Осин түсініктеме берді.
- Ақтауда жабайы жануарларға көмек көрсету орталығы жоқ, ал қалалық әкімдік осыдан екі жыл бұрын үйсіз және жабайы жануарларға көмек көрсету экологиялық білім беру орталығының жобасын іске асыру үшін екі гектар жер бөлуге уәде берген болатын. Олар үш жылдан кейін сол жобаны іске асырамыз деген еді, 2021 жылдан жақсылық күтеміз. ...Мен адамдарға, балаларға, жасөспірімдерге не болғанын түсінбеймін. Бұл өте қорқынышты", - дейді Кирилл Осин.