Кейде бәрінен қашып кеткім келеді – Аша Матай

/
Кейде бәрінен қашып кеткім келеді – Аша Матай

Танымал әнші Аша Матай әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойлантып қойды, деп жазды turkystan.kz.

Ол өзін шаршатқан дүниеден қалай арылатыны жайында айтқан.

«Кейде бәрінен шаршап, қашып кеткің келеді, бірақ дәл сол сәтте күннің нұры, жақсы сөз немесе бір күлімсіреу бәрін өзгерте алады. Әлемде әрдайым жарық бар — тек соған көңіл бөлсең жеткілікті. Жақсылықты көре біл — жүрегің де, өмірің де нұрланады», - деп жазды Аша Матай.

Кейбір желі қолданушылары оның неден шаршайтынына қызығушылық білдірген.

«Сіздер неден шаршайсыздар осы?», «Шаршауға болмайды, қызым. Ашатай, мықтысың», «Сұлу, сымбатты Аша!», «Қылығың маған ұнайды» деп жазды олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары