301
«Қолжетімді есірткі». Таразда көшеде ашықтан-ашық есірткі жарнамаланып келген (ВИДЕО)
«Қолжетімді есірткі». Таразда көшеде ашықтан-ашық есірткі жарнамаланып келген (ВИДЕО)
Жамбылдық полицейлер Тараздағы ғимараттардың қабырғасынан 148 есірткі жарнамалаған граффити жазуларды жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп, есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын Тараз қаласының үйлері мен ғимараттарының қабырғаларындағы граффити жазуларды жою бойынша іс-шара өткізді. Тараз жұртшылығымен жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде қала бойынша 148 жазба жойылды. Сонымен қатар, Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Интернет желісіне мониторинг жүргізу барысында Telegram қосымшасы арқылы есірткі саудалаған интернет-сайттарды анықтады. Қазіргі уақытта аталған интернет арналар бұғатталды, сайттар мен жазбаларды орналастыруға қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
– Граффити жазуларын енгізгені және Интернет желісінде көрсетілген мәліметтерді таратқаны үшін ҚР ҚК 299-1-бабының 1-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру, 2-бөлігі бойынша үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Есірткіге жарнама жасайтын тұлғалар есірткі заттарын өткізгені үшін жауап береді және ҚР ҚК 297-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады, онда бес жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал жалпы білім беру мекемелерінде есірткі заттарын өткізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік көзделген, – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД ЕБҚІҚБ бастығы Асқар Жұмабеков.
Жамбыл облысының Полиция департаменті облыс халқын есірткінің таралуынан туындайтын жалпы проблемадан сырт қалмауға, есірткі қылмысына қарсы күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады.