Аида Балаева Фариза Оңғарсынова жайлы әсерлі естелігін бөлісті

Аида Балаева Фариза Оңғарсынова жайлы әсерлі естелігін бөлісті

Аида Балаева Фариза Оңғарсынова жайлы әсерлі естелігін бөлісті
ашық дереккөзі
536
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, марқұм Фариза Оңғарсынованың туған күніне байланысты ақын жайлы әсерлі естелігімен бөлісті. «Бүгін Фариза апамның туған күні. Көз тірі болғанда 81 жасқа толар еді. Апамыздың поэзиядағы тұлғасын ғана емес, жалпы өмірдегі ойсыраған орнын жоқтап, шығармашылығын сағынған жандар кешелі-бүгін өз ойларын жеткізіп жатыр… Қазақ поэзиясындағы дәрежесі дара Фариза ақын дегенде ең алдымен апамыздың өр көңілі мен өжет мінезі еске түседі. Апамыздың шындықты шыжғырып айтатын шынайылығы, ақиқатты тіліп жеткізетін өткірлігі өзіне ерекше жарасып тұратын еді... Бірақ апамыздың туралығы мен кең жүрегі сынауды да, сүюді де тең ұстады. Сондықтан нәзіктік пен намысқойлық өрілген өлеңдерінде отты жырларымен қатар сұлу лириканың сыңғыры да тұнып тұрды. Әйел затының жолы жіңішке, бейнеті көп деп әсіресе қазақ қыздарына деген қамқорлығы ерекше еді. Әр сіңлісінің тағдырына алаңдап, жолын ашсам, қолдау көрсетіп көмектессем деп үнемі тілеулес болып отыратын. Себебі апамның бет қаратпас қаһар мінезінің артында, мейірімге тұнған үлкен де сезімтал жүрегі соғып тұратын еді... Өмір жолымда алдыңғы буын аға-апаларымның мейірім шуағы мен көңіл шапағатын біршама көрдім. Фариза апа, Әбіш аға, Кәкімбек аға, Рымғали Нұрғали, Дүкенбай Досжан, Нұрғожа Ораз, Сағадат Нұрмағамбетов ағаларымыз, басқа да қимас асыл жандар... Өкінішке орай барлығы да келместің кемесіне мініп, мәңгіліктің мекеніне кетті. Бірақ олардың өнегелі өсиеттері мен шуақ шашқан тұлғасы біздің үнемі жадымызда.. Әрқайсысымен болған қимас сәттерді, мазмұнды әңгімелерді, ақыл-кеңестері мен жылы сұхбаттарын сағындым..» деп жазды Аида Балаева.

Серіктес жаңалықтары