989
Сыпыртқы үшін жазаланған қыздың суретін жариялаған келіншекке қоқан-лоққы көрсетуде
Сыпыртқы үшін жазаланған қыздың суретін жариялаған келіншекке қоқан-лоққы көрсетуде
Бүгін қақаған қыста жоғалған сыпыртқы үшін 7-8 жасар қызын жалаңаш далаға қуып жіберген әйелдің әрекеті туралы жаздық. Әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, қоғамда наразылық тудырған оқиға құзыретті органдар мен белсенді азаматтардың назарына ілінді.
Белгілі журналист Динара Сатжан бүгін анасынан аямай таяқ жеген балалардың жағдайын білмекке олардың үйіне барып қайтты. Ол туралы блогер өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
Оқиға Нұр-Сұлтан қаласындағы ескі вокзалдың жанында орналасқан жатақханада орын алған. Бүгінгі фотодан кейін бір дәретхана мен дәлізді ортақ тұтынатын 2 отбасының арасында түсініспеушілік туған. Балаларын қатаң жазалайтын қатыгез әйелдің көршісі – Аида есімді келіншек бұл суреттерді әлеуметтік желіге жариялаған соң басы бәлеге қалған.
«Осы жағдайдан кейін көршілерім маған қатты ренжіді, жатақханадан шығарып жібереміз деп қоқан-лоққы көрсетуде. Мен не істедім? Бар жазығым – балаларды қорғағанымда. Бірінші рет қайталанып тұрған жайт емес. Жиі таяқтың астында қалады, оларға обал», – дейді Аида.
Оның айтуынша, бұл отбасында 4 бала бар. Олардың ата-анасы күні батқанға дейін жұмыста болады. Балалар таңнан кешке дейін қараусыз қалады екен, айлап жуынбайды, не ішкен дұрыс тамағы жоқ.
Кешегі оқиға көршісінің кір қыстырғышын рұқсатсыз алғаны үшін орын алған. Аязда іш киіммен отырған 7-8 жасар қыз бен оның 6 жастағы інісі жазаланған.
Бүгін таңнан бері жатақханаға Нұр-Сұлтан қалалық Білім беру басқармасы мен ювеналды полиция өкілдері келген. Бұл оқиға Білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың тікелей бақылауында. Аталмыш істі Кәмелет жасына толмаған балалардың ісі жөніндегі комиссия жіті зерттейтін болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram