Сыпыртқы жоғалғаны үшін қызын жалаңаш аязға шығарып жіберген

Сыпыртқы жоғалғаны үшін шамамен 7-8 жасар қызын аяусыз жазалаған қатыгез ананың әрекетіне көршісі наразы. Ол қақаған қыста іш киіммен сыртта отырған қызды көріп, үйіне алып кеткен. 

zhaloby_astana инстаграм-парақшасына аноним әйел арыз жазба қалдырған. Онда көршісінің өз балаларын кез келген әрекеті үшін аяусыз жазалайтыны туралы жантүршігерлік оқиғаларын жазған.

479816e3 a82b 4ace 8db6 d1c4d3cc4609

«18-19 желтоқсан күні көршім сыпыртқыны жоғалттың деген сылтаумен 7-8 жастағы қызын аяусыз ұрып-соғып, қатты аязда іш киіммен сыртқа шығарып жіберді. Сол күні бұл қыз дәлізде түнемек болған. Қызды көріп, жаным түршікті. Үйіме алып кеттім, менің қасымда қонып шықты. Шешесі іздеген де жоқ», – деп жазады арызданушы.

Айтуынша, келесі күні кешке ол қыздың анасына барып, келесіде мұндай оқиға қайталанса полиция мен қамқоршылық кеңес өкілдерін шақырамын деп ескертіп, қызын табыстап кеткен.

a4eea219 2bd1 4d98 83ef 485938730655

Алайда, бұл әрекеті еш нәтижесіз болған көрінеді. Кеше, 23 желтоқсан күні әлгі қатыгез әйел көршінің затын рұқсатсыз алғаны үшін екі баласын тағы аяусыз жазалаған.

«Кеше бұл шаңырақта тағы шырылдаған екі балапанның дауысынан жан түршікті. Рұқсат сұрамай киімді алдыңдар деп 5-6 жастағы ұлы мен 7-8 жастағы қызын аяусыз ұрып-соғып жатқан жерінен үстінен түстім. Ол жерде не болғанын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Байғұс балаларды үйіме алып кеттім. Бірақ, мәселе мұнымен шешілмейді ғой. Не істемек керек? Әлгі әйелді ана құқығынан айыру дұрыс па?», – дейді жазба авторы.

Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушыларының да наразылығын тудыруда. Олар құзыретті органдардан көмек сұрайды.

Back to top button