"Бұл ‒ жақсы белгі": Ғалым коронавирустың жаңа мутациясынан қорықпауға шақырды

"Бұл ‒ жақсы белгі": Ғалым коронавирустың жаңа мутациясынан қорықпауға шақырды

"Бұл ‒ жақсы белгі": Ғалым коронавирустың жаңа мутациясынан қорықпауға шақырды
ашық дереккөзі
330
Ресейдің Ұлттық өнеркәсіптік медицина қоғамының төрағасы Алексей Яковлев "МК"-ға берген сұхбатында коронавирустың жаңа мутациясының жақсы белгісін атап өтті. Оның айтуынша, COVID-19 мутациясы оның көп ұзамай әлсіреп, қаупі сейілетінін білдіреді. Дәрігер барлық респираторлық вирус сияқты SARS-CoV-2-нің де өлім-жітім көрсеткіші азая бастайтынын айтты. А.Яковлевтің сөзінше, бір кездері коронавирус жұқтыру адамзат үшін суық тиюмен бірдей болады. Сонымен қатар, мамандар вакцинаны вирустың жаңа штаммына бейімдеп, оңай өзгерте алады. "Ең бастысы — вакцинаны жасауға арналған платформа болуы керек, ол бізде бар және жалғыз емес", — деді маман. Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлемнің тағы бір елінде "жаңа" коронавирус тіркелгенін хабарлағанбыз.

Серіктес жаңалықтары