Тағы бір мемлекетте «жаңа» коронавирус тіркелді

Бразилияның Рио-де-Жанейро штатында ғалымдар коронавирустың жаңа штаммын анықтады. Бұл туралы Globo газеті хабарлады.

«Бізде бұл мутация үлкен қауіп төндіретіні туралы ешқандай дәлел жоқ. Алайда бұл вирустың мемлекет ішінде таралу қарқыны артатынын, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық сақтау мен бақылаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – дейді Ұлттық ғылыми есептеу зертханасының биоинформатика зертханасы ғылыми тобының жетекшісі Ану Тереза Вашконселуш.

COVID-19-дың жаңа нұсқасы «классикалық» вирустан 180 геномның 38-індегі мутациямен ерекшеленеді және «британдық» типке ұқсас, S ақуызында E484K мутациясы бар.

Сонымен бірге, ғалымдардың айтуынша, Рио-де-Жанейрода «жаңа» COVID-19 шілде айында пайда болған. Қазіргі уақытта ол Бразилияның 19 штатында табылды.

Back to top button