Алматыда сот Ұлыбритания азаматын 20 жылға бас бостандығынан айырды

Алматыда сот Ұлыбритания азаматын 20 жылға бас бостандығынан айырды

Алматыда сот Ұлыбритания азаматын 20 жылға бас бостандығынан айырды
ашық дереккөзі
261
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында InterContinental қонақүйінде өзінің бір жарым жасар қызын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ұлыбританияның 42 жастағы азаматы Баракат Мохамед қонақүйде қызын өлтіргені үшін айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, қылмыстық процесс онлайн форматта өтті. Істі судья Бақытжан Бәкірбаев қарады. Сотталушы Мохамед Баракат адвокатпен бірге тергеу изоляторының ғимаратынан Zoom платформасы арқылы сот отырысына қатысты. Сондай-ақ, отырысқа аудармашы және жәбірленуші тараптың өкілдері қатысты. Еске салайық, 2019 жылғы қазанда Алматыдағы InterContinental қонақүйінде бала өлімі туралы хабарланған еді. Баланы өлтірді деген күдікпен ұлыбританиялық Мохамед Баракат ұсталған болатын.

Серіктес жаңалықтары