Бес қызы өрттен қаза болған астаналықтар ұлды болды

Бес қызы өрттен қаза болған астаналықтар ұлды болды

Бес қызы өрттен қаза болған астаналықтар ұлды болды
ашық дереккөзі
363
Нұр-Сұлтандағы жан түршігерлік өртте бес қызынан айырылған астаналықтар Евгений мен Жанымгүл Ситер ұлды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты, Facebook қолданушысы Тәңірберген Бердоңғарға сілтеме жасап. "Жанымгүл жүкті болған кезде, көз тимесін деп құпияда ұстауды өтінді. Бүгін олардың үйіне қуаныш келді! Ұл дүниеге келді! Барша халық атынан құттықтап, ұлыңызға Жаратушының ықыласы тисін деп дұға етеміз! Бауы берік болсын!", - деп жазды Т.Бердіоңғаров. Еске салайық, бүкіл елді дүр сілкіндірген қайғылы оқиға 2019 жылғы  4 ақпанда болған еді. Нұр-Сұлтан қаласына қарасты Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан - жекеменшік үйдің аумағындағы шағын үй өртенген. Тілсіз жаудың салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылы туған бес бала қаза тапқан еді.

Серіктес жаңалықтары