Үш қыздан соң үшем ұлды болған отбасы үйсіз жүр (видео)

Үш қыздан соң үшем ұлды болған отбасы үйсіз жүр (видео)

Үш қыздан соң үшем ұлды болған отбасы үйсіз жүр (видео)
ашық дереккөзі
583
Қазір көпбалалы отбасылардың жағдайы туралы қоғамда жиі айтылып жүр. Жасыратыны жоқ, қазір көшеге шығып, көңіліндегі мұңы мен өміріндегі тұрмыстық таршылықты жоғарыға жеткізгісі келіп жүргендердің дені осы көп балалы аналар. Олардың ең негізі проблемасы – баспана. https://youtu.be/wgs-svVwTDU Осыған орай, Ақмола облысы, Шор­тан­ды ауданы, Степное ауылында тұрып жатқан  көп балалы қандасымыз Ба­қыт Ержан хабарласып, мәселесін айтқан соң фото-видео камерамызды алып аталған шаңыраққа арнайы барып қайтқан едік. Еске сала кетейік, газетіміздің (17 қыр­күйек) №37 санында «Үшемнің ата-анасы үйсіз жүр» деген тақырыпта жа­рия­ланған мақалада Моңғолиядан көшіп кел­ген қандасымыз Бақыт Ержанның шаңы­рағында өмірге келген үшемдер жайлы жазылған еді. Ержан Бақыт – 1993 жылы 3 жасында Моң­ғолия елінен тарихи Отаны Қа­зақ­станға көшіп келген. Қазақ елінде білім алып, 2011 жылы Алма Алданышқызымен отау көтерген. Ержан мен Алма Ақмарал, Ақ­бота, Айару есімді үш қызды тәрбиелеп отыр­ған. Үш қыздан кейін биыл 28 шілдеде Ай­туған, Күнтуған және Нұртуған есімді үшем дүниеге келіп, Ержан мен Алманың шаңырағы тағы да шаттыққа бөленді. Әри­не, бұл бір отбасының ғана жеке қуанышы болғанымен, сирек кездесетін жайт.  width= Моңғолия елінен көшіп келген қан­дасымыз бұл күнде алты баласын арқалап пәтерден пәтер жағалап жүргенін, ұл-қыздарын тәрбиелеп өсіру үшін бір бас­пана болса деген тілегін де айтқан еді. Алайда бұл жағдай газетімізге жария­лан­са да, ата-анасы әкімге хат жаз­са да әкімшілік тарапынан мүлде жауап болмағанын айтып, налиды. – Мен 1993 жылы келешек ұрпақ үшін Моңғолиядан атажұртқа көшіп келдім. Тіршілігіміз жаман емес, Аллаға шүкір. Төрт баламен келген едім. Екі ұл, екі қызды осында оқытып, жеткіздім. Екі ұлдан үш-үштен алты немерем бар еді.  2020 жылы 28 шілдеде үлкен қуанышқа кенелдік. Бір күнде тағы да үш немерелі болдым. Дүниеге үшем келді. Содан бері әулетімізде қуаныш. Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматы облысының бір отбасында үшем дүниеге келіп, қала әкімі олардың ата-анасына бірден кезектен тыс пәтердің кілтін сыйлап, құттықтап жатқанын телеарнадан көріп тамсанып едім. Шіркін, неткен бақытты отбасы, бізде де осындай болса ғой деп. Сол қуаныш бізде де болды. Алайда бір «әттеген-айы» елімізге үшем келіп жатыр екен деп бірде-бір әкім-қара құттықтап, елеп-ескермеді. Пәтер беру былай тұрсын. Біз қаланың шетіндегі ауылда тұрамыз. Келін декретте. Сондықтан қа­зір ұл мен келінім бізбен бірге тұрып жа­тыр. Әжесі екеуміз үшемге қарасамыз. Ұлым Ержан 60 шақырым жерден қалаға қа­тынап, жұмыс істейді. Ержан мен келінім – Алма Алда­ныш­қы­зы астанада жұмыста болғандық­тан пәтер жалдап тұратын еді. Нұр-Сұлтан қа­ласында тіркеуде. Бұрын үш қызы бар еді, енді үшем дүниеге келді. Үшем туды деп ке­зек­тен тыс үй бермесе де, көпбалалы ата-ана атанып отыр. Осы жайлы Нұр-Сұлтан қа­ласының әкімі Алтай Көлгіновке арнайы хат жазып едік, хат әкімнің қолына жетпей ме, әйтеуір төмендегі қызметкерлерінің бірі­нен «қарастырылады» деген сыңайда сыр­ғытпа жауап келді, – дейді үшемнің ата­сы Бақыт Мүсайыпұлы. «Ақмарал, Ақбота, Айару есімді үш қы­зым­нан кейін артынан бір ұл ерсе деп жүр­ген едім. Алла еселеп, үш ұл берді. Енді мем­лекеттен жеңілдік болып, осы ұл-қы­зым­ды өсіретін бір үй болса деп жүрміз» – дей­ді үшемнің әкесі Ержан.

Заң не дейді?

Есте болса, «дүниеге келген үшемнің ата-анасына кезектен тыс үй беру ке­­­рек пе, жоқ па?» деген мәселе осыдан 5-6 жыл бұрын Парламентте қызу талқыланды. Дәлірек 2014 жылы «Қазақстан Тұрғын үй қатынастары жөніндегі кейбір заңнамалық ак­тілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде сол кездегі Сенат депутаты Қуаныш Ай­та­ханов: «Жергілікті атқарушы органдар үшем босанған аналарды қолдап, оларға отын, азық-түлік және басқа да қажетті заттар ұсынып, қолдау білдіреді. Бірақ үшем босанған аналарды үймен қамтамасыз ету турасында заңнамалық деңгейде нормалар қарастырылмаған. Сонымен қатар көпшілік қа­лаларда бос тұрған үй жетіп артылады, біз оларды дұрыс қолдануымыз керек. Біз ке­дергілерді қолдан жасамауымыз қажет, бұл біздің әлеуметтік саясатымызға қайшы ке­леді. Керісінше азаматтарымызды бас­пана­мен қамтамасыз ету жолдарын ойластыруымыз керек», – деп, бастама көтерген бо­латын. Сенатор Ертарғын Астаев: «Бізде «Алтын алқа» алған аналар – 74 мың, ал ата-аналардың ешқайсысы да үшем босануды жоспарламайды, бұл – табиғаттың сыйы. 2013 жылы 50 ана үшем босанды. 2014 жылы үшем босанғандардың саны 43-ке жетті. Бұдан шығатыны, егер біз олар­ға баспана беретін болсақ, онда жыл сайын 350-400 миллион теңге жұмсалады екен. Бұл сонша көп қаржы емес», – деп Айтаха­нов­тың бастамасын қолдаған еді. Алайда Айтахановтың үшем босанған аналарға кезектен тыс баспана беруді ұсынған бастамасын Үкімет «бұл – бюд­­жетке шығын келтіреді» деп мақұлда­мады. Содан бері бұл мәселе жабулы күйі қалды. Өйткені Парламентте «бұл мә­селе әлі де қарастырылады» деп уәде етіл­ген еді. Әйткенмен, ештеңе өзгерген жоқ. Сондықтан бұл жағдай жыл сайын алдымыздан шығып келеді. Үшем туған ата-ана бас­пана ала алмай жүргенін айтып шағым­да­натынын құлағымыз шалады. Зерттеу­шілердің мәліметіне қарағанда, жылына елімізде 40-50 үшем дүниеге келеді екен. Ал кейде ақпарат құралдарынан «үшем дүниеге келіп, ата-анасына әкімшілік пәтердің кілтін беріпті» деген жаңалықты естіп, көріп қаламыз. Мұндай жағдай көбінесе мереке қарсаңында болады. Өйткені Қазақстан Тұрғын үй қатынастары заңында «үшем туған ата-анаға кезектен тыс үй берілсін» деген норма болмағанымен, «мүлде берілмесін» деген шешімі тағы жоқ. Сондықтан сарапшы мамандар мұндай отбасыларға жергілікті әкімшіліктің жеке қорынан кезектен тыс баспана берілу мүмкіндігі қарас­тырылатынын айтады.

Бақытбек ҚАДЫР

Сюжетті жасаған

Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ

Серіктес жаңалықтары