337
Ер адам әйелімен керісіп қалғаннан кейін 450 шақырым жаяу жүрген
Ер адам әйелімен керісіп қалғаннан кейін 450 шақырым жаяу жүрген
Итальяндық ер адам әйелімен болған жанжалдан кейін салқындау үшін сыртқа шығып, 450 шақырым жаяу жүрген. Әлеуметтік желілерде ер адамды жергілікті "Форрест Гамп" деп аталды.
Ер адамның аты жария етілмеген, ол тек 48 жаста екені белгілі. Полиция оны бір апта өткен соң тоқтатқан.
Il Resto del Carlino газеті жазғандай, полиция жағалаудағы тас жолда салқын түнде жеңіл киіммен жүрген ер адамды байқады. Құжаттарды тексеру кезінде тәртіп сақшылары өздерінің деректер базасынан жұбайының жоғалғаны туралы хабарлаған әйелдің өтінішін тапты. Ер адам полицияға "ол мұнда жаяу келгенін, көлікті пайдаланбағанын" айтып, жолда оған тамақ пен сусын ұсынған көптеген жақсы адамдармен кездескенін айтты. Ол күніне шамамен 60 шақырым жүрген.
Әлеуметтік желілердегі көптеген комментаторлар бұл адамды "батыр" деп атады және коменданттық сағатты бұзғаны үшін "саяхатшыға" 400 евро айыппұл салған полиция қызметкерлерін сынға алды.