433
Коронавирусқа қарсы вакцина барлығына бірдей тегін болмайды - Алексей Цой
Коронавирусқа қарсы вакцина барлығына бірдей тегін болмайды - Алексей Цой
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина барлығына бірдей тегін болмайды. "Хабар 24" телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой болжам бойынша ақпан айында басталатын бірінші кезеңде тәуекел тобына кіргендерді ғана тегін вакцинациялайтынын айтты.
Бұл дәрігерлер, педагогтар және күш құрылымдарының қызметкерлері. Қалғандар үшін COVID-19 вакцинациясы ақылы болады, бірақ оның құны әлі белгісіз.
- Вакцинаның алдын-ала құны-2 доза үшін шамамен 20 доллар. Өзіміздің вакцинаның құны әлі анықталған жоқ. Алдағы уақытта біз нарықта вакциналардың тағы бірнеше түрі пайда болады деп жоспарлап отырмыз, олар ақылы да, тегін де болуы мүмкін, барлығы тіркеу және нарыққа кірумен байланысты болады, - дейді Алексей Цой.