227
Алматы облысы жүлдегерлерге құрмет көрсетті
Алматы облысы жүлдегерлерге құрмет көрсетті
Бразилияда өткен Олимпиада ойындарында жақсы өнер көрсеткен Алматы облысының спортшыларына бүгін Талдықорған қаласында құрмет көрсетілді.
Жиын барысында Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов Рио-де Жанейро қаласында өткен жазғы ХХХІ Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан қола медальді жеңіп алған Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Карина Горичеваға 10 млн теңге ақшалай сыйлық табыс етті.
"Сонымен қатар Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан бесінші орынды иеленген Маргарита Елисеева 3 млн теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Айта кетер жәйт, екі ауыр атлетшінің жеке бапкерлері - Сергей Седов пен Пак Николайға да ақшалай сыйлықтар табысталды", - дейді Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Айдар Карбозұлы.