«ЭКСПО-2017» көрмесіне 3 мың ерікті іріктелді

«ЭКСПО-2017» көрмесіне 3 мың ерікті іріктелді

«ЭКСПО-2017» көрмесіне 3 мың ерікті іріктелді
ашық дереккөзі
198
Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің 40 еріктісіне арналған алғашқы семинар өтті.  Бүгінде 3  мың ерікті іріктелді, барлығы 4,5 мың адам жинау жоспарланған, деп жазады Pm.kz. «Бүгін біз 40 еріктінің басын қосып, оларды модуль бойынша оқытуды бастадық. Бірінші модуль «Жанжалды жағдайларды шешу технологиясы». Біз еріктілерге көрме барысында қандай да бір жағдайда қалай әрекет ету керектігін, барлық ережелерді сақтай отырып, көрмеге келушілерге қойлайлы жағдай жасауды үйретеміз. Шамамен 10 модуль мен 4,5 ерікті. Бүгін біз үш мың еріктінің өтінішін іріктедік, олардың 1 500-і - Астанада тұратындар. Тағы мың жарымы - өтініштерін жіберіп, іріктеуден өткен өңірлерде тұратын адамдар. Тағы 1 500 адамды қыркүйектен бастап аламыз», - деп мәлімдеді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК туризмді ілгерілету департаменті директорының орынбасары Әсел Әбілдина. Оның айтуынша, оқыту көрме басталғанға дейін, және көрме барысында да жүргізілуі мүмкін. Оқыту үздіксіз жүргізіледі, қыркүйекте тренингтер саны артады, себебі ерікті-студенттердің көбі жазғы демалыстан елордаға оралады. Еріктілерді іріктеу кезінде 4 қағида басты болып табылады: кәмелет жасқа толғандар, ағылшын тілінің жоғары деңгейі, сотты болмағандық және медициналық анықтама. «Еріктілердің жасы - 18-ден бастап 80 жасқа дейін. Ең жасы үлкен ерікті - 45 жастағы әйел адам, ол көрмеге келіп, жұмыс істегісі келеді. Біз қазақстандықтарды шектемейміз: егер адам көрменің бір бөлігі болғысы келсе, expo2017astana.com сайтында өтініш тастай алады. Көрме өткеннен кейін Қазақстанда еріктілік деңгейі көтерілсе екен дейміз», - деді Ә. Әбділдина.  

Серіктес жаңалықтары