сенбі, 12 сәуір, 2025

Бурабайдағы пәтерден төрт әйелдің денесі табылды

/
ашық дереккөзі
Бурабайдағы пәтерден төрт әйелдің денесі табылды Ақмола облысының Бурабай кентінде тұрғын үй пәтерлерінің бірінен төрт әйелдің денесі табылды. Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 2020 жылдың 5 желтоқсанында болғанын хабарлады.
"Сағат 00:00-де Бурабай АПБ кезекші бөліміне Бурабай кентінің тұрғынынан көп қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде кісі өлтірілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Жедел-тергеу тобы келген соң аталған пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар төрт әйелдің денесі табылды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған Бурабай кентінің 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу: