509
Қостанай облысында өрт екі баланың өмірін қиды
Қостанай облысында өрт екі баланың өмірін қиды
Қостанай облысында өрт шығып, екі бала қаза тапты деп хабарлайды ТЖД.
Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда Денисов ауданы Фрунзенское ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Өрт кезінде үйде екі жас бала - төрт жасар Екатерина және екі жасар Кирилл қалған. Ал ата-анасы көрші ауылдан азық-түлік әкелуге кеткен.
Оқиға орнына ең бірінші үй иелері келген. Ерлі-зайыптылр балаларын жергілікті фельдшерлік-акушерлік пунктке жеткізіпті. Алайда, балалар есін жимастан қайтыс болған.
Мамандар өрт балалардың отпен ойнауынан шығуы мүмкін деп болжап отыр.
Оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.