339
Исламбек Салжанов: Қайырымдылық және еріктілікпен айналысатын мекемелер құруымыз қажет
Исламбек Салжанов: Қайырымдылық және еріктілікпен айналысатын мекемелер құруымыз қажет
Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер – ұлттық мәдениетінің бір бөлігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясында «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов, «Клуб добряков» еріктілер қозғалысының негізін қалаушысы Гүлмира Абдрашева, әлеуметтік кәсіпкер, «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушысы Эмин Аскеров және «Шұғыла» қоғамдық қорының негізін қалаушысы Мейірхан Әбдірахманов сөз сөйледі.
Баспасөз конференциясында қайырымдылық пен еріктілікті ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде жүйелі дамыту мәселесі талқыланды. «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Биылғы жыл Қазақстандағы еріктілікті дамытудың жаңа кезеңі болды» деген бастамасын қолдайтынын айтты.
- Қайырымдылық және еріктілікпен айналысатын қоғам сау әрі бақуатты. Қоғамымыздың көптеген әлеуметтік мәселелер шешімін тек әр адамның мемлекетімізді жақсы жаққа өзгертуге деген ынтасы, дайындығы мен жауапкершілігі арқылы ғана табады. Бұл жолда жетекші елдердің қайырымдылық пен еріктілік тәжірибесін зерттеу мен оны өз елімізде қолдану маңызды. Азаматтарымыздың қайырымдылық және еріктілікпен тек ауқатты адамдар ғана айналыса алады деген санасын өзгертіп, әр қазақстандықтың қайырымдылық жасай алатынына көз жеткізуіміз қажет. Бұл екі ұғым біздің санамызға бала күнімізден еніп, ұлттық мәдениетіміздің етене бөлігіне айналуы тиіс. Біз қайырымдылық пен еріктілік мәдениетін сіңіріп, осы салада кәсіби кадрлар дайындап, барлық іс-шараларын ашық жүргізетін мекемелер құруымыз керек. Халықтың хабардарлығын арттырып, қоғамның әр мүшесінің үлесі және елімізде қайырымдылық пен еріктілікті жүйелі дамыта отырып қана біз оң нәтижелерге қол жеткізе аламыз, және бұл азаматтарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартатыны анық, - деп атап өтті Исламбек Салжанов
Сондай-ақ, баспасөз конференциясында «Шұғыла» қоғамдық қорының негізін қалаушы Мейірхан Әбдірахманов «Шұғыла» қорының пандемия кезіндегі игі істерін атап, Эмин Аскеров «Біргеміз Білім» ұлттық жобасының елшісі ретінде еріктіліктің қоғамдағы маңызын айта отырып, оны әлеуметтік кәсіпкерлікпен сабақтастырды. Ал, «Клуб добряков» еріктілер қозғалысының негізін қалаушы Гүлмира Әбдірашева Қазақстанның жеті аймағындағы еріктілердің пандемия кезіндегі ерен ерліктерін сөз етті.
«Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры он жылдан астам уақыт бойы қоғамымызда патриотизмді, Отанға, ұлттық салт-дәстүрлерге, моральдық-этикалық нормалар мен мәдени құндылықтарға деген сүйіспеншілікті дамытуға ықпал етіп келеді. Сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, отандық әдебиет пен өнерді дамытуға қолдау көрсетеді. Қордың миссиясы - ұлттық идеяның қалыптасуына және қоғамның рухани мәдениетінің дамуына үлес қосу.
«Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының баспасөзі