536
Түркіменстан 10 жылдық білім жүйесіне қайта көшеді
Түркіменстан 10 жылдық білім жүйесіне қайта көшеді
Жаңа оқу жылына он күннен аз уақыт қалды, ал жоғары сыныптардың мұғалімдері оқу жоспарын әлі дайындап үлгермеді. Уәлаяттардағы халық білімі басқармалары 26 тамызға дейін күте тұруын сұраған.
2013 жылдың басында ел президенті "Түркіменстандағы білім жүйесін жетілдіру туралы" жарлыққа қол қойып, республикада он екі жылдық орта білім жүйесінің тұжырымдамасы бекітілді. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап оқушылар жаңа бағдарлама бойынша оқи бастады.
Ақпараттарға қарағанда, соңғы екі жылда он жылдық білім жүйесіне оралу туралы өтініштерін президентке әскери құрылымдар бірнеше мәрте жеткізген. Өйткені 18 жасқа толған бала әлі мектеп бітіріп үлгермейді, соның салдарынан көктемгі әскер қатарына қабылдау жоспары орындалмай қалып жүр. Түркімен-ауған шекарасындағы жағдайдың күрделене түсуі елдің әскери күштерін күшейтуді талап етті.
Енді дәл осындай ұныныспен мемлекет басшысына елдің қаржы-экономикалық блогының өкілдері шыға бастады. Бұған дейін, ауыр экономикалық жағдайға байланысты, президент бюджет шығындарын қысқартуын сұраған. Енді Білім министрлігінің шығынын қысқартатын уақыт келді. Әзірге мұғалімдерді қысқарту туралы әңгіме көтерілген жоқ, бірақ оқу жүйесі мерзімінің қысқаруынан оқу сағаты да азайып, әжептәуір қаражат үнемделгелі тұр.
10 жылдық білім жүйесіне қайта көшірілген жағдайда, жоғары сыныптағылар кәсіби білім мекемелеріне ауыстырылып, олар бәрібір 12 жыл оқитын болады. Қазір кәсіби мектептерде шамамен 8 мың бала оқиды, ал жыл сайын 100 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді.