244
Байденнің болжамы: Жыл соңына дейін АҚШ-та коронавирустан тағы 250 мың адам көз жұмады
Байденнің болжамы: Жыл соңына дейін АҚШ-та коронавирустан тағы 250 мың адам көз жұмады
Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден елде жыл соңына дейін коронавирустан тағы 250 мың адам көз жұматынын болжады, деп хабарлайды РИА Новости.
Байден бұл болжамын АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының келер жылдың ақпанына дейін мемлекетте COVID-19 -дан 450 мыңға жуық науқас көз жұмуы мүмкін деген ақпаратынан кейін жариялады.
Айта кетейік, 2 желтоқсанда АҚШ-тың Жедел жәрдем қауымдастығы елдің жедел медициналық көмек көрсету жүйесі құрдымға кетудің аз-алдында тұрғанын мәлімдеді. Қауымдастық хабарламасына сүйенсек, қосымша көмексіз тығырықтан шығу мүмкін емес, жежел жәрдем қызметкерлеріне жалпы сомасы 2,62 млрд доллар қажет.
Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 14 миллионға жуықтады. Елде індеттен 273 мыңнан астам науқас көз жұмды.