216
Қызылордада дәретханадан шақалақтың денесі табылды
Қызылордада дәретханадан шақалақтың денесі табылды
Қызылордада құтқарушылар әжетханадан өмірге келгеніне көп бола қоймаған шақалақтың өлі денесін алып шықты.
Оқиға 1 желтоқсанда облыс орталығындағы «Ақмаржан» шағын ауданында болды. Шақалақты 1997 жылғы азаматша дүниеге алып келгені анықталды.
«Бұл жөнінде полиция бөлімінен төтенше жағдайлар департаментіне хабар келіп түсті. Оқиға орнына департаменттің жедел құтқару жасағынан 1 техника мен 6 құтқарушы барды. Құтқарушылар шақалақтың өлі денесін шығарып, оны полицейлерге тапсырды», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев.
Мәлім болғанындай, қазір әйел облыстық медицина орталығына жатқызылған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаровтың айтуынша, аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Онда жаңа туған баланы анасының өлтiруi көрсетілген.