Ауғанстанда елшіліктің көлігіне жарылғыш зат қойылған

Ауғанстанда елшіліктің көлігіне жарылғыш зат қойылған

Ауғанстанда елшіліктің көлігіне жарылғыш зат қойылған
ашық дереккөзі
266

Ауғанстан астанасында ресейлік дипломатиялық миссиясы автокөлігі жарылды, – деп жазады Tengrinews.kz.

Көлікке қолдан жасалған жарылғыш құрал қойылғаны белгілі болды.

Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қызметкерлер жеңіл жарақат алған.

РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова қазіргі уақытта елшілік персоналын қорғау үшін қолдан келгенше шара жүргізіліп жатыр.

Терроризм актісі ресейлік азаматтарға қатысты емес, ауған қауіпсіздік күштеріне бағытталған болуы мүмкін екені айтылады. Жергілікті әскерилер мінген пикап ресейлік дипломатиялық көліктің алдында жүріп келе жатқан.

Ресейдің сыртқы саяси ведомствосы мәліметінде Мәскеу оқиғаны мұқият тергеуді талап ететіні айтылады.

Серіктес жаңалықтары